Алматыда ер адам көлік нөмірлерін ұрлап, иелеріне сатпақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті 26 жастағы О. есімді азамат болып шықты. Ол - Қарағанды ​​облысынан келген, еш жерде жұмыс істемейді.

"Қаскөйдің Алматыға бір апта бұрын келгені анықталды. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарған. Тұрғын ауданда тұрғын үйлер ауласындағы бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге "сатып алу" туралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды. Сонымен қатар, ер адамның шаһардың басқа жерлерінде тіркелген қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды", - деді Әуезов аудандық ПБ  жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.

Күдікті мұндай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети