Алматыда ер адам көлік ұрлап, ұсталған кезде өзін пышақтаған: оқиғаның видеосы жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік ұрлауға қатысты деректің толық видеосы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік ұрлауға қатысты деректің толық видеосы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, күдікті жол-көлік оқиғасы болған жерден жасырынғысы келген. Көлік иесі ер адамның іс-әрекетін видеоға түсірген.

"Қаскүнем жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жол бойында басқа азаматтың көлігіне отырып, тоқтама деп, оны кеңсе пышағымен қорқытқан. Бұл уақытта полиция қызметкерлері де келіп жетіп, ер адамды ұстады. Ұстау кезінде ол өзін-өзі жарақаттаған. Қазір ер адам медициналық мекемеде. Күзет қойылды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің 200-бабы "Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети