Алматыда 3 жастағы баланы ұрлап кететінін айтып, жергілікті тұрғыннан 3 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда 3 жастағы баланы ұрлап кететінін айтып, жергілікті тұрғыннан 3 миллион теңге талап еткен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, жәбірленуші Алматыдағы базарлардың бірінде ревизор болып жұмыс істейді. 50 жастағы әйелге танысы хабарласып, 3 жастағы қызын ұрлап кететінін айтқан. Ол әйелден қомақты қаражат талап етеді. Ер адам әйелдің өзі сұраған ақшаны беретініне күмәнданбаған.
"Дегенмен жәбірленуші полицияға хабарласты - ол дұрыс шешім қабылдады. ҰҚКБ қызметкерлері күдіктіні ұстау мақсатында кездесетін жерді анықтап, арнайы шаралар жүргізді. Жоспарды "Арлан" сарбаздары сағат 23.00-де жүзеге асырды", - деді ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Нәтижесінде күдікті құрықталды. Полицейлердің мәліметінше, осы дерекке сәйкес қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.