Алматыда ерлі-зайыпты балаға таласып, жанжал шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда ерлі-зайыпты балаға таласып, жанжал шығарды. Ажырасып кеткен әйел адам бұрынғы күйеуінен баласын тартып алмақшы болған. Салдарынан ер адам ауруханға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ерлі-зайыпты балаға таласып, жанжал шығарды. Ажырасып кеткен әйел адам бұрынғы күйеуінен баласын тартып алмақшы болған. Салдарынан ер адам ауруханға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға кеше, 13 мамырда болған. ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, полицияға "Мамыр" ықшамауданынан шақырту түскен. Ер адам басы жарақаттанып, есінен танып қалған. 

Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шыққан. ІІД мәліметінше, бастапқыда атыс болды деген хабар тараған. Алайда бұл мәлімет расталмады, себебі ешкім оқтан жарақат алмаған. Ал ер адамның басына битамен соққы жасалған.  

Сөйтсек, оқиға орнында отбасылық жанжал шығыпты. Ажырасқан ата-ана балаға таласыпты. 

Бұл мекенжайда баланың әкесі, інісі және баланың өзі тұрады екен. Әкесі жоқта әйелі баланы тартып алу үшін нөмірі жоқ Mercedes Gеlendwagen көлігімен екі ер адамды ертіп әкелген. 2017 жылғы баланың әкесі шешесі келгенде үйде болмаған. 

Сосын үйге әкесі шақыртылып, олар жанжал бастаған. Бұдан кейін әйелмен бірге келген ер адамдардың бірі көліктен битаны алып, баланың әкесіне соққы жасаған. Ер адам талып қалған, ал әйел мен екі ер адам қашып кеткен. 

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді, зардап шеккен адам №7 қалалық ауруханаға жеткізілді, ол есін жиып, одан жауап алынып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілерді ұстау жоспары жарияланды", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro