Алматыда есірткі зертханаларын ашқан тұрғындар ұсталды - ҰҚК

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда есірткі зертханаларын ашқан тұрғындар ұсталды - ҰҚК Фото: gov.kz

Алматы аумағындағы жасырын зертханаларда ірі көлемде синтетикалық есірткі жасауға және оларды Интернет ресурстар арқылы таратуға қатысы бар 2 топ әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы аумағындағы жасырын зертханаларда ірі көлемде синтетикалық есірткі жасауға және оларды Интернет ресурстар арқылы таратуға қатысы бар 2 топ әрекеті анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы қазанда ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен жедел-іздестіру шарасы жүргізілген. 

Шара нәтижесі бойынша, "мефедрон" және "Aльфа-PVP" жасырын өндірісі бойынша 2 есірткі зертханасын ұйымдастырған Қырғызстан азаматы мен төрт Қазақстан азаматы ұсталған.

"Тінту жүргізу нәтижесінде 4 келі синтетикалық есірткі, және 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 келі гашиш, 20 келіден аса химиялық қоспа және зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

Қылмыстық тауардың әлеуметтік мессенджерлер арқылы байланыссыз тәсілмен жасырын жерге қалдыру жолымен таратылғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Қазақстан ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Сурет: gov.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети