Алматы облысында қылмыс жасады деген күдікке ілігіп халықаралық іздеуде жүрген азамат Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматы облысында қылмыс жасады деген күдікке ілігіп халықаралық іздеуде жүрген азамат Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
27 жастағы жас жігіт бөтелкелесін пышақтап өлтірді деп айыпталған.
Оқиға былтыр Талғар ауданында болған. Жаңа жыл қарсаңында төрт жігіт ішіп отырып төбелесіп қалған. Үшеуі жабылып 35 жастағы жергілікті тұрғынды пышақтап тастаған. Қылмысын жасыру үшін күдіктілер марқұмның денесін арбамен ауылдың сыртына апарып, тұрмыстық қалдықтармен бірге өртеп жіберген екен. Алайда жедел іздестіру барысында марқұмның мәйіті табылып, екі күдікті бірден ұсталған. Ал із жасырып үлгерген үшіншісіне халықаралық іздеу жарияланды.
"Талғар ауданының тәртіп сақшылары бір тәулікте қылмысқа қатысты үш күдіктінің тұлғасын анықтады. Екеуі сол күні құрықталып, үшіншісі мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Ол туралы мәлімет барлық полиция бөлімдеріне, интернет пен БАҚ-қа орналастырылды. Жедел іздестіру кезінде үшінші күдікті де ұсталып, Талғар қаласына жеткізілді", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.
Қылмыскер осы күнге дейін Алматы қаласында бой тасалап жүрген екен. Қамауға алынған азаматқа қатысты кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.