Алматыда ХҚКО-ның 25 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Yvision.kz ©Yvision.kz

Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталығының Бостандық аудандық филиалының 25 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бостандық аудандық прокуратурасы "Алматы қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК Бостандық аудандық филиалы бөлімінде 2013 жыл бойынша "Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдардың орындалуын тексерген. "Тексеріс орталық қызметкерлері мен жетекшілерінің жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібін бірнеше рет бұзғанын, жеке және заңды тұлғаларға ақпарат ұсынудан негізсіз бас тарту деректеріне жол бергенін, сондай-ақ азаматтардан заңда қарастырылмаған ақпараттарды талап еткенін көрсетті. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қойылған нұсқау келтірілді", - делінген хабарламада. Прокуратураның ұсынысы негізінде Алматы қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының директорының бұйрығымен аудандық филиалдың жетекшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметі төмендетілді. Оған қоса, осы орталықтың тағы 24 қызметкері де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro