Алматыда Hyundai жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Hyundai жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті

Алматыда көлік жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік жүргізушісі тротуарда екі қызды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Istagram-дағы meganews.kz парақшасында Алматы тұрғынының үндеуі жарияланды. Ол 1 маусымда сағат 18.15-те "Алтын орда" тұрғын үйінің маңында Ходжанов көшесінің бойында оның әйелі мен әріптесін көлік қағып кеткенін айтқан. Жазба авторының сөзінше, екі жәбірленуші тротуарда келе жатқан. Оның бірі бірнеше метр жерге, екіншісі дуал мен көліктің ортасында қысылып қалған. Сонымен қатар, жазбада оқиға видеосы салынған. Автор күдікті жауапкершілікке тартылмағанына сенімді. 

Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов оқиғаның мән-жайын Бостандық аудандық ПБ тексеріп жатқанын хабарлады.

"Бұған дейін зардап шеккендердің денсаулығына келтірілген зиянның ауырлығын анықтау үшін барлық қажет сараптамалық зерттеу тағайындалған болатын. Зерттеу нәтижелері қазіргі уақытта дайын емес", - деді Рустам Әбдірахманов.

Полиция басшысының орынбасарының айтуынша, бұл дерек бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети