31 наурыз 2017 | 14:17

Алматыда иесін өлтіріп, пәтер иемденген қылмыстық топқа сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында адам өлтіріп, пәтерін иемденумен айналысқан бір топ адамның ісі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында адам өлтіріп, пәтерін иемденумен айналысқан бір топ адамның ісі қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс материалы бойынша, К. атты азамат үйінде жалғыз тұратынын білген күдіктілер, оны бір топ адам болып өлтіріп, 13 000 000 теңге тұратын пәтерін иемденген. Сонымен қатар, олар пәтерге кіріп, ішін тонаған, жалпы шығын 542 мың теңге. Кейін үйдің құжаттарын алып, оны үй иесіне сырттай ұқсас адамның атына аударған. 

Қылмыстық топтың 6 мүшесі 15,6 жылдан 18 жылға дейін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал үй иесіне сырттай ұқсас адам 1 жыл 10 ай 15 күнге сотталды. Сотталушылар есебінен зардап шеккен тарапқа 542 мың теңге материалдық және 1 000 000 теңге моральдық шығын өндіріледі. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети