03 қараша 2020 | 16:02

Алматыда Instagram арқылы ішік сатқан алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: aif.ru Фото: aif.ru

Алматыда Instagram арқылы арзан ішік сатқан алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Instagram арқылы арзан ішік сатқан алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаменті криминалды полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәровтің айтуынша, күдікті HI-Tech республикалық шарасы барысында ұсталған.

"Алатау ауданының полиция басқармасына қарасты криминалды полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен әйелді ұстады. Тексеріс барысында оның Instagram әлеуметтік желісінде онлайн киім дүкенінің аккаунтын ашқаны анықталды. Онда күдікті ішіктің эксклюзив түрлерін базар бағасынан төмен бағада сатылатынын жарнамалаған", - дейді Іңкәров.

Ол көптеген адам алаяққа алданып қалғанын атап өтті.

"Күдіктінің талабы бойынша тон сатып алғысы келетін адам оның букмекерлік кеңселердегі шотына ақша аударуы керек болған. Алаяқ әйел есепшотына ақша түскеннен кейін телефонын өшіріп, SIM-картаcын ауыстырып отырған. Сонымен қатар, ол сатып алушыны барлық мессенджерден және әлеуметтік желіден бұғаттаған, - дейді қалалық криминалды полиция басқармасының басшысы.

Еркін Іңкәров қазіргі таңда күдікті ұсталғанын атап өтті.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети