20 сәуір 2021 | 11:07

Алматыда жалған доллар сатқандар жазаланды

Фото: elements.envato.com

Алматыда жалған ақша жасағандар жазаланды. Олар доллар жасауға "маманданған", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жалған ақша жасағандар жазаланды. Олар доллар жасауға "маманданған", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген. Тергеу барысында қылмыстық топ жалған доллар сақтау және сатумен айналысқаны анықталды.

"2020 жылғы тамызда жедел-іздестіру шаралары кезінде Алматы қаласы аумағында жалпы сомасы 4 200 доллар болатын 42 дана 100 АҚШ долларын сатумен айналысқан екі адамнан тұратын қылмыстық топ әшкереленіп, ұсталды.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚК-нің "Жалған ақшаны немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, өткізу немесе сату" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Павлодар облысында төрт жылдан аса уақыт өзара есеп айырысу туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз толтырумен айналысқан қылмыстық топ құрықталғаны хабарланған еді. Шығын шамамен 500 миллион теңге болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная