15 сәуір 2021 09:55

Павлодарда 500 миллион теңгеге жалған шот-фактура толтырған топ жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Павлодар облысында төрт жылдан аса уақыт өзара есеп айырысу туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды заңсыз толтырумен айналысқан қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды. Шығын шамамен 500 миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы Экономикалық тергеу департаменті мәліметі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ контрагент кәсіпорындарға салық төлеуден жалтаруға көмектескен. Нәтижесінде мемлекетке 500 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірген.

ҰҚТ мүшелері сотталды. Павлодар қалалық соты оларды кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сотталғандар 5 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети