Алматы полициясы жалған вакцинация төлқұжатын қандай медициналық мекемелер жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясы жалған вакцинация төлқұжатын қандай медициналық мекемелер жасағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Тұрақты негізде интернет-ресурстарға және бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп жатыр, медициналық анықтамаларды қолдан жасау деректерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылданды. Еске салайық, жақында азаматтарды Сауд Арабия Корольдігіне жіберу үшін 140-тан аса жалған вакцинация төлқұжатын жасаумен айналысқан туристік компания анықталды. Сонымен қатар, тергеу сатысында №21, №4, №16 және №13 қалалық емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне қатысты қылмыстық істер қаралып жатыр. Олар кірген азаматтарға вакцинацияны салмай-ақ, дозаның бірінші компонентін қабылдау туралы жалған деректерді базаға енгізген немесе вакцинация бөлмесінде бейнебақылау камерасы болса, олар екпені алғандай етіп көрсетіп екпе салынған орынды пластырмен жабыстырған. Бұл қызметтердің барлығы ақшалай сыйақыға жасалғаны анық", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Сонымен қатар, спикер жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде екенін, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке қамауға алу түрінде жаза қарастырылғанын еске салды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған адамдардың әрекеттерінде "қызметтік жалғандық" белгілері бар, яғни, жалған ақпаратты ресми құжаттарға енгізу.
"Құрметті медицина қызметкерлері, өзіңізді қылмыстық іске тартуға жол бермеңіз және отбасыңыз бен достарыңызды осыдан қорғаңыз", - деді Алмасбеков.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!