Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ табылды Видеодан алынған кадр

Алматы маңында оқ-дәрі мен "Молотов коктейлі" жасырылған орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында оқ-дәрі мен "Молотов коктейлі" жасырылған орын табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Дархан" ықшамауданының тұрғыны қару-жарақты байқап, бірден дабыл қаққан. Оның айтуынша, туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 9 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 2,3 калибрлі оқ-дәрі, револьвер, "Молотов коктейлін" тәркіледі.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы жедел іс-шаралар барысында анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады", - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети