Алматыда жарысқан автобус жүргізушісі жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жарысқан автобус жүргізушісі жазаланды Әлеуметтік желідегі видеодан алынған кадр

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жолаушылар автобусының жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жолаушылар автобусының жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында әлеуметтік желіде №71 бағытындағы автобус жүргізушісі басқа автобусты басып озу үшін жол ережесін өрескел бұзып, кейін оның жолын жауып тастағаны туралы видео тараған болатын.

"Ол не істеп жүр? Екеуі бәйге ұйымдастырып жүр ме? Мынау қоғамдық көлік қой, ішінде толған адам", - дейді видеоны түсіріп тұрған адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Тәртіп бұзған жүргізуші 1962 жылы туған азамат болып шықты. Мынадай әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды:

595-баптың 1-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады);

596-баптың 3-бөлігі (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу - алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады);

606-баптың 1-бөлігі (Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети