Алматыда жеңгетайлар Жаңатастың (Жамбыл облысы) тұрғынын екі ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Олар келіншектің екі баласын кепілдікте ұстап отырған көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК арнасына сілтеме жасай отырып.
Алматыда жеңгетайлар Жаңатастың (Жамбыл облысы) тұрғынын екі ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Олар келіншектің екі баласын кепілдікте ұстап отырған көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК арнасына сілтеме жасай отырып.
Жас келіншек жеңгетайлардан әрең қашып құтылыпты, ал қылмыскерлер әлі бостандықта тайраңдап жүр.
"Мен ең алғаш қалаға келгенде, олар маған кір жуатын жерде жұмыс істейсің деп балаларымды менен алып алды. Кейіннен маған киімдер беріп, жезөкше болып табыс табуға мәжбүрледі", - дейді Қызғалдақ Қарымсақ.
Өзінің қыздары үшін қорыққан Қызғалдақ жеңгетайлардың айтқанын істеген. Бірнеше ай өткеннен кейін ғана қашып шығуға мүмкіндік туыпты. "Маған балаларымды көрсетпей қойды, ылғи балаларыммен кездестіруін өтіндім. Бас кезінде рұқсат бермеген. Бір күні бір тәулікке балаларымның жанына апарды. Сол кезде түн ішінде балаларымды терезеден алып шығып, қашып кеттім", - дейді келіншек.
Қызғалдақты жеңгетайлар "Алтын Орда" базарының маңындағы қонақүйлердің бірінде зорлықпен ұстап отырған. Бұл жерде құлдардың сатылатынын айналадағылардың бәрі білетін көрінеді.
Жаңатас қаласы тұрғынының айтуынша, 20 шақты қыздың бірнешеуін осы қонақүйде қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Қазір олардың қандай күйде екені беймәлім. Құлдықтан қашып шыққан әйел бірден Алматы қаласының полициясына шағымданды. Қылмыстық іс қозғалған. Алайда тергеу жұмыстарының созылып келе жатқанына бір жылдан асыпты. Қашан бұл іске нүкте қойылатыны белгісіз.