Алматыда жезөкшеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жезөкшеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда 1,5 жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылдың қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 1,5 жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылдың қатысушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, қылмыс 2021 жылдың желтоқсанында болған. Қылмыстық жолмен баю мақсатында екі ер адам әлеуетті клиенттердің атын жамылып, жеңіл жүрісті қыздан "қызмет көрсетуін" сұрап, оны тонап кеткен. Әйелдің телефоны мен жинаған ақшасын тартып алу үшін қаскөйлер оны байлап тастаған.

"Осы қылмысқа қатысушылардың бірі ұсталды. Ол сотталды, жазасын өтеп жатыр. Тағы бір сыбайласы тергеуден қашып кеткен. Оған мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланған. Күні кеше күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бостандық аудандық ПБ-мен қарақшылық шабуыл дерегіне сәйкес ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети