01 шілде 2021 | 16:13

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсеткен массаж салоны әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда жезөкшелер жұмыс істейтін массаж салоны анықталды. Салон жекеменшік үйде орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жезөкшелер жұмыс істейтін массаж салоны анықталды. Салон жекеменшік үйде орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Коттедж сыртынан қарағанда тұрғын үйге ұқсайды. Ғимарат Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан.

"Түнгі сағат он кезінде жұмыс орнында клиенттерге интимдік қызмет көрсететін алты қыз бен әкімші болды. Бәрі қазақстандық - Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары. Олардың ең үлкені - 28-де, кішісі - 19-да. Салондағы әр қызметкердің жеке басын тексеру үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Массаж салонының иесіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай ұсыну") бойынша материал жинақталды және шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі кентіндегі қонақүйде секс-притон анықталған болатын. Полиция секс-притонды ұйымдастырған Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 31 және 33 жастағы жеңгетайлар мен жезөкшелерді ұстаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная