17 маусым 2021 17:39

Алматы облысында секс-притон әшкере болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Алматы облысында полицейлер жезөкшелер үйін және оны ұйымдастырғандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысында полицейлер жезөкшелер үйін және оны ұйымдастырғандарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Притон Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы қонақүйлердің бірінде анықталған. Полиция секс-притонды ұйымдастырған Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғынын, сондай-ақ 31 және 33 жастағы жеңгетайлар мен жезөкшелерді ұстаған.

Басылым мәліметі бойынша, заңсыз қызметті ұйымдастырушылар клиенттерді іздеу және жарнама үшін мобильді қосымшаны қолданған.

Дерек ҚР ҚК-ның 309-бабы 2-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша соталды тергеудің біріңғай тізіміне тіркелген. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық күдіктіге бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жезөкшелерді сауна мен қонақүйлерге апаратын жеңгетайлар ұсталғаны хабарланған болатын. Күдіктілер тізім жасап, қыздарды кезек бойынша сауна мен қонақүйлерге апарған. Осылайша, әр клиенттен пайыздық үлесін алып отырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети