Алматыда жоқ адамдарды "жұмысқа алған" аурухананың бас дәрігеріне үкім шықты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда емхана қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда емхана қызметкерлеріне қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталды (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімі 2-тармағы).

Сот емхананың бас дәрігері бас бухгалтермен және кадрлар бөлімінің инспекторымен алдын ала келісіп, жеті жыл бойы 2015 жылғы сәуір мен 2022 жылғы наурыз аралығында қылмыс жасағанын анықтады.

Олар шын мәнінде, жұмыс істемейтін адамдарды жұмысқа алу туралы бұйрықтарды рәсімдеп, ай сайын ресми түрде жұмысшылардың шоттарына жалақы аударып отырған. Содан кейін оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Барлығы 19 "адам" осылай рәсімделген.

Сот мәліметінше, емхана қызметкерлері заңсыз әрекеттерімен мемлекетке 79 миллион теңгеден аса шығын келтірген.

Сот сотталушыларды кінәлі деп тапты. Бухгалтер мен кадрлар бөлімінің қызметкері шартты мерзімге сотталды.

Ал емхананың бас дәрігері мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro