Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 48 жастағы ер адам 9 азаматты алдап үлгерген.

"А. есімді азамат Алматыда жоқ пәтерлерді жалға берген. Алаяқтық туралы шаһардың бірнеше тұрғыны полицияға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Барлығының оқиғасы бірдей. Пәтер іздегендер танымал интернет-сервистен нарықтағы бағадан төмен бағаны көріп, хабарласқан. Үй иесінің шарты алдын ала төлем беру немесе тұру үшін толық соманы төлеу болды. Ол клиенттердің көптігін және пәтерге бірінші болып ақша төлеген адам тұратындығын айтып өз әрекеттерін негіздеген. Кәсіпкер азамат ақшаны алғаннан кейін бірден байланысқа шығуын тоқтатып, ұялы телефон нөмірін ауыстырған", - дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасы мен Алмалы аудандық Полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдікті қамауға алынды. Алмалы аудандық Полиция басқармасында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Іс жүргізу барысында оның осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 530 мың теңге. Тергеу кезеңінде ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети