Алматыда полицейлер түнгі уақытта жол ержесін өрескел бұзған жүргізушілерді жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда полицейлер түнгі уақытта жол ержесін өрескел бұзған жүргізушілерді жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жүргізушілердің заңсыз әрекеті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Автокөлік жүргізушілерінің бір тобы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұза отырып, қала көшелерінде жүрген. Көлік жүргізушілері анықталды.
"Автокөлік жүргізушілерінің бір тобы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып қаланы аралап жүрген. Бұл көліктердің жүргізушілері анықталды. Олардың жасы 22-де. Оларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды. Барлығы бес жүргізушіге 30 әкімшілік хаттама толтырылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін, жол белгілері мен таңбалау талаптарын сақтамағаны үшін, бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін, апаттық жағдай туғызғаны үшін, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік құралын басқарғаны үшін, артқа қарай қозғалғаны үшін, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, көлік құралына арнайы дабыл беретін құрылғыларды орнатқаны және т.б.", - деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!