Өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, автожүргізушіні ұрып-соққан ер адам бұған дейін сотталған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство өкіліне сілтеме жасап. Еске салайық, 19 мамырда Интернетте пайда болған видеода жүргізуші мен белгісіз ер адамның жанжалы бейнеленген. Белгісіз ер адам өзін "ҰҚК капитаны" деп таныстырып, жәбірленушіні ұрып-соғып, қорқытады.

Ведомство мәліметінше, ұсталған ер адам 2007 жылы бұзақылық жасағаны үшін және 2002 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған. Айта кетейік, Алматы қалалық ІІД-нің видеосында ұсталған азамат өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырғаны үшін кешірім сұрады. "Мен ешқандай да қызметкер емеспін, болмағанмын. Егер кім де кімге менің сөздерім тиіп кетсе немесе зиян келтірсе, мен кешірім сұраймын", - дейді ол.
Осыған дейін ұсталған ер адамның жұмыссыз екені хабарланды. ҰҚК өкілі 2011 жылы қайда жұмыс істегенін сұрады. Оған мұнай өнімі қоймасында жүк тасымалдаушы болып жұмыс істегені жайлы жауап берілді. Ведомство өкілдері бұл қақтығыстың не себепті шыққанын да айтып өтті - сөйтсе, видео авторы мен күдікті көрші екен. Сонымен қатар, жапа шеккен азаматтың миы шайқалып, қабағы жарылыпты. ҰҚК өкілінің айтуынша, кім де кім өзін ведомство қызметкері деп таныстырса және шын мәнінде олай болмай шықса, жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Қазіргі уақытта осы оқиға дерегіне сәйкес "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. ІІД мәліметінше, күдікті 30 жаста.