25 қыркүйек 2020 | 18:02

Алматыда журналиске шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Facebook.com/alima.pardasheva Фото: Facebook.com/alima.pardasheva

Алматыдағы барлардың бірінде ер адам журналист Алима Пардашеваны қылғындырып, телефонын тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы барлардың бірінде ер адам журналист Алима Пардашеваны қылғындырып, телефонын тартып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистің айтуынша, оқыс оқиға кешке болған. Шабуыл жасаған ер адам өзін бардың күзет қызметінде жұмыс істейтінін айтқан.

"Арнамның мерейтойын атап өттік. Досыммен бірге көшеге шықтым. Кейін жаныма ер адам келді. Ол өзі туралы айта бастады. Бірақ кенеттен ол қалтамнан телефонымды шығарды. Мен тез әрекет етіп, телефонымды қайтарып алдым. Ер адамнан неге мені тонамақ болдыңыз деп сұрағанымда, ол ар-намысыма тиетін сөздерді айтты. Ол мені жерге құлатып, қылғындыра бастады", - дейді Алима.

Ол көмекке адамдарды шақырғанын айтады. Пардашеваның айтуынша, осы сәтте барда күзетшілер болмаған. Оны жанындағы құрбысы мен куәгерлер құтқарып қалған. Ал ұры қорқып, оқиға болған жерден ізін суытты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

? Сегодня моему телеграм-каналу «Пардашьян» — год. ­ Ну, технически я его завела в феврале 2019 года, тогда он назывался просто «Алима Пардашева» на латинице или что-то около того. ­ 24 сентября прошлого года я поменяла название канала на «Пардашьян» и поделилась первой статьей. К ведению блога я всегда относилась скептически, потому что мне казалось, что я буду снова писать рассказы, пьяные заметки и тому подобный bullshit (было дело). ­ Но человек, который был со мной рядом тогда, поддержал меня и сказал, что у меня всё получится. Так я начала вести канал в таком виде, в котором он существует сейчас. Я очень благодарна этому человеку за то, что он поверил в меня. ­ «Пардашьян» дал мне многое — новых друзей, единомышленников, работу, новые проекты, хейтеров, какую-никакую узнаваемость в медиасреде. И вас, конечно же. ­ А главное — благодаря каналу некоторые читатели находили работу, другие — карьерные возможности, обучающие курсы и тренинги для саморазвития. Третьи делились мыслями по поводу тех вещей, о которых я писала в рубрике #вечернийтвитор ­ Признаться, я не ожидала, что из этого что-то выйдет. Но год активного ведения и ваши фидбеки дают мне понимание, что всё это не зря. ­ Дальше — больше. Будут новые рубрики, запущу подкаст о людях в медиа, возможно авторские вебинары и консультации✊?

Публикация от Alima Pardashian (@apardashian)

Журналист Медеу аудандық полиция басқармасына барғанын айтады.

"Алдымен полиция болған жағдайды тіркегісі келген жоқ. Себебі, денемде жарақат болмады. Кейін олар жағдайды бейнебақылау камералары арқылы тексеруге уәде берді", - дейді Алима.

Сонымен қатар, журналист бұл барда ұрылардың құрбаны жалғыз өзі емес екенін атап өтті.

"Біз полиция департаментінде сол барда шабуыл жасалып, iPhone-нын ұрлатып алған жігітті кездестірдік. Оны қылғындырған, кейін ол есінен танып қалыпты", - дейді Пардашева.

Tengrinews.kz редакциясы Алматы қаласы полиция департаментіне болған жағдайға қатысты түсінік беруді сұрады. Департамент кейін жауап беретінін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети