16 тамыз 2022 17:42

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде резиденциядан 21 гранатомет ұрланған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Президент резиденциясында 130 қару, оның ішінде 21 гранатомет жоғалған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Президент резиденциясында 130 қару, оның ішінде 21 гранатомет жоғалған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары ғимаратына жасалған шабуылдар нәтижесінде 1 259 қызметтік қару, оның ішінде автомат, тапанша және гранатомет ұрланған, деді Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ өткен брифингте. 

"Тәртіпсіздіктерден кейін резиденцияда 130 қару мен оқ-дәрі жетіспейтіні анықталды, оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 пулемет, 21 гранатомет және бір мерген мылтығы.

Алматы облысында Полиция департаменті ғимаратынан 53 пулемет, 367 тапанша, 1 гранатомет, 23 мыңнан аса оқ-дәрі ұрланған. Жамбыл облысында – 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық оқ-дәрі", - деді Қилымжанов.

Реклама
Реклама

Ол барлық факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Жүйелі түрде қару-жарақ жасырылған қоймалар табылып, оған қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта 481 қару табылған. Бұл ұрланған арсеналдың үштен бірі. Қалғаны әлі қылмыскерлердің қолында, деп қорытындылады Бас прокуратура өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram