Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде резиденциядан 21 гранатомет ұрланған 16 тамыз 2022, 17:42

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Президент резиденциясында 130 қару, оның ішінде 21 гранатомет жоғалған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ©Tengrinews.kz Фото: ©Tengrinews.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы Президент резиденциясында 130 қару, оның ішінде 21 гранатомет жоғалған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары ғимаратына жасалған шабуылдар нәтижесінде 1 259 қызметтік қару, оның ішінде автомат, тапанша және гранатомет ұрланған, деді Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ өткен брифингте. 

"Тәртіпсіздіктерден кейін резиденцияда 130 қару мен оқ-дәрі жетіспейтіні анықталды, оның ішінде 80 граната, 17 тапанша, 11 пулемет, 21 гранатомет және бір мерген мылтығы.

Алматы облысында Полиция департаменті ғимаратынан 53 пулемет, 367 тапанша, 1 гранатомет, 23 мыңнан аса оқ-дәрі ұрланған. Жамбыл облысында – 200 автомат, 148 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық оқ-дәрі", - деді Қилымжанов.

Ол барлық факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Жүйелі түрде қару-жарақ жасырылған қоймалар табылып, оған қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта 481 қару табылған. Бұл ұрланған арсеналдың үштен бірі. Қалғаны әлі қылмыскерлердің қолында, деп қорытындылады Бас прокуратура өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram
Төреғали Төреәлі ұсталды
Астанада алғашқы қар жауды
Тоқаев Абай облысына барды