Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген караоке-бар мен түнгі клуб әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген караоке-бар мен түнгі клуб әшкере болды

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген караоке-бар мен түнгі клубтың иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген караоке-бар мен түнгі клубтың иелері жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан бұл екі мекеме карантинге қарамастан жұмыс істегені анықталды. Тәртіп сақшылары клубтарға келген кезде ішінде адам көп болған: бір топ өзінің туған күнін атап өтті, екіншісі көптен бері кездеспегендеріне орай жиналған.

“4-ші ықшам ауданда түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғаны туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлады, осы үшін біз оларға ризашылығымызды білдіреміз. Тексеру нәтижесінде осы ойын-сауық мекемесінен біздің бөлімге 30 адам жеткізілді, олардың 6-сы қызмет көрсету персоналы. Клуб қызметкерлерінің айтуынша, мекеменің иесі – 1987 жылы туған Л.есімді ер адамның айтуымен жұмыс істеген. Осы барда карантин туралы естімегендей әсер қалдырды: ол жерде алкоголь ішіп, би билеп, қорқор шеккен", – дейді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

"Ұсталғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы 6бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сот шешімімен олардың 9-ы әкімшілік қамауға алынды, қалғандарына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Біз азаматтарды, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерін төтенше жағдай және карантин ережелерін сондай-ақ, олардың талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Әйтпесе, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деді Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети