28 сәуір 2021 | 11:45

Алматыда қарсы жолақпен жүрген көлік жүргізушісі жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші 5 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші 5 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде қарсы жолаққа шыққан жүргізушінің видеосы пайда болды. Кадрлар тәртіпбұзушының көлік салонынынан түсірілген. Видеода жүргізушінің қауіпті маневр жасап, қарсы жолақта жүргені көрсетілген.

Жол ережесін қасақана бұзған ер адам анықталды. Ол Алматы облысының 1997 жылғы тұрғыны.

"Тәртіпбұзушының жолаушысы түсірген кадрларда барлығы анық көрсетілген. Әрине, жолда мұндай іс-әрекетке жол берілмейді. Бұл жай жол ережесін бұзу емес, бұл азаматтық сананың жетіспеуі және жеңілтек ой. Қарбалас көше бойында қарсы жолаққа шығумен қатар, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен, көлікті сақтандыру құжаты жоқ, автокөлік әйнектері қараңғыланған, тіркеуден шешілген көлік құралын басқарған.

Сонымен қатар, жүргізушінің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Алматы қаласының мамандандырылған аудандық әкімшілік сот шешімімен құқықбұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 155 мың теңге болатын 11 әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети