Алматыда қарулы шабуыл видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2 дүкенге жасалған қарулы шабуыл видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 2 дүкенге жасалған қарулы шабуыл видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеодан күдіктінің дүкенге сатып алушы болып кіргенін көруге болады. Ол кейін пышақ алып, кассадағы әйелді қорқытып, ақша талап еткен. Жәбірленуші барлық ақшаны берген. Кейін ол полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына бірінші болып "Буран - 134" экипажы барған. Олар қылмыс болған жерді бақылауға алған.

"Аулалардың бірінде жас жігіт көзге түсті. Ол ұсталды. Күдіктіден пышақ тәркіленді. Ол қылмысын бірден мойындады", - дейді Алматы қаласы ПД ОӘК патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.

Оның айтуынша, күдікті Бостандық ауданындағы полиция басқармасына жеткізілген.

"Ол 2 азық-түлік дүкенін тонаған. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети