Алматыда өзін салық қызметкері деп таныстырып, кәсіпкерлерден ақша алып отырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда өзін салық қызметкері деп таныстырып, кәсіпкерлерден ақша алып отырған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Ішкі қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Алматының кәсіпкерлерінен бірнеше рет ақша жымқырған адам анықталды. ОҚО-ның Сарыағаш ауданының Уақытша жұмыссыз жүрген 1987 жылы туған азаматы Әжібеков Нұржан Шәміұлы бұрындары ұрлық пен алаяқтық бойынша істі болған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Сонымен қатар, тергеу барысында Әжібеков биыл қараша мен желтоқсан айы аралығында өзін Алматы қаласы бойынша салық органдарының қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлерден ешқандай тексеріс болмайтынына және ары қарай қызмет бойынша қамқорлық жасаймын деп 30 00 мыңнан 50 000 мың теңгеге дейін ақша алып отырғаны хабарланды. Ал бұл ақша Алматы қаласы бойынша МКД басшылығына жиналып жатыр деп жалған сөйлеген.
Қазіргі кезде аталған Әжібековтың басқа да алаяқтық фактілеріне қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Аталаған тұлғаның алаяқтық ісінен зардап шеккен адамдар болса, Алматы қаласы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасына мына мекен жай бойынша: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі 127 немесе 279-29-56 және 8-701-555-00-90 сенім телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.