Алматыда қауіпті дрифт жасағандар 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда қауіпті дрифт жасағандар 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, Lexus және Mitsubishi автомобильдерінің жүргізушілері "Ұсақ бұзақылық" бабында қарастырылған әкімшілік қылмыстық іске барған. "Екеуі де Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Айта кетейік, бұған дейін Lexus маркалы автомобильдің 1989 жылғы жүргізушісіне "жол қозғалысына қатысушының апаттық жағдай жасауы", "көлік құралдарына кедергі келтіру" және "мемлекеттік номер белгісі оқылмайтын көлік құралын басқару" баптары бойынша айыппұл салынғаны, ал Mitsubishi Lancer көлігінің 1992 жылғы жүргізушісіне жоғарыда айтылған баптар бойынша және қосалқы "жол белгілерің ережесін сақтамау" бабы бойынша хаттама толтырылғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, Алматы полициясындағылар үйлену тойы кортежінің үш жүргізушісінің де жазаланғаны хабарлады.
Еске сала кетейік, екі көліктің әл-Фараби даңғылының бойында қауіпті маневр жасағаны бейнеленген видео Желіде 27 қыркүйекте пайда болған еді. Кейін жүргізушілердің ұсталғаны хабарланды.