Құқық қорғау органдарының қызметкерлері таяуда Алматының әл-Фараби даңғылының бойында қауіпті "дрифт-шоу" жасағандарды ұстады. Олар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері таяуда Алматының әл-Фараби даңғылының бойында қауіпті "дрифт-шоу" жасағандарды ұстады. Олар Алматы қаласының тұрғындары болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 27 қыркүйекте болған. Lexus және Mitsubishi маркалы көліктердің жүргізушілері көлік ағымының қозғалысына кедергі болған, олар жол бойында қауіпті маневр жасаған.
Ұсталғандардың бірі. © Алматы ІІД баспасөз қызметі
Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысының орынбасары Жандос Мұратқалиев. © Алматы ІІД баспасөз қызметі
"Бірінші кезекте бұл жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Екінші кезекте, осы заңсыз әрекеттердің салдарынан онсыз да көлік көп жүретін жерде кептеліс пайда болды. Біз Интернетте пайда болған видеоны көргеннен кейін дереу әрекет еттік. Бірнеше сағаттың ішінде екі жүргізушінің де аты-жөнін анықтап, кейін ұстадық. Қазіргі уақытта олар іздестіру бөлімшесінде. Олардан жауап алынып жатыр. Айта кету керек, әржүргізуші екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: апаттық жағдай жасау және мемлекеттік номер белгісі жоқ көлік құралын жүргізу, нақтырақ айтсақ, екі көлікте де мемлекеттік номер белгілері болмаған. Әкімшілік айыппұлдың көлемі 15 АЕК", - деді Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысының орынбасары Жандос Мұратқалиев.
Еске салайық, екі көліктің әл-Фараби даңғылының бойында қауіпті маневр жасағаны бейнеленген видео Желіде 27 қыркүйекте пайда болған еді.