03 желтоқсан 2015 | 15:30

Алматыда ҚазҰТУ студенті өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кazntu.kz © Кazntu.kz

Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да кісі өлімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дереккөзге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да кісі өлімі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі дереккөзге сілтеме жасап.

Оқиға 30 қараша күні ер адамдарға арналған әжетханадағы төбелес кезінде болған. Жанжал барысында студенттердің біреуі пышақ жарақатын алып, оқиға болған жерде көз жұмды. Полиция оқиғаға қатысты әзірше түсінік берген жоқ.

Tengrinews.kz тілшісіне ҚазҰТУ баспасөз қызметінің өкілдері оқиға туралы толығырақ хабарлады. "2015 жылдың 30 қарашасында Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Жоғарғы технологиялар және тұрақты даму институтының 4 курс студенттерінің арасында шыққан жанжал салдарынан бір студент қаза тапты. Қазір Бостандық ауданы ІІБ тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, кәсіподақ, жастар ұйымдары студенттермен алдын алу және психологиялық жұмыстар жүргізіп жатыр. "Университетте осы оқиға бойынша тексеру жұмыстарымен айналысатын комиссия құрылды. Оқиғаға қатысты тиісті адамдар жазасын алады", - деп хабарланды.

Айта кетейік, бұл осы оқу орнындағы алғашқы жағдай емес. 2008 жылы ҚазҰТУ-дың төрт студенті Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студентін өлтірген күдіктілердің қатарында болған еді. Ал 2012 жылы ақтаулық 23 жастағы студенттің басы жарылды. Ол алған жарақатынан қайтыс болды. "Жетінші арнаның" мәліметінше, осы іске қатысы бар деген күдікпен ұсталғандар ҚазҰТУ студенттері болып шықты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети