15 наурыз 2022 | 14:36

Алматыда клиенттер такси жүргізушісіне шабуыл жасап, көлігін ұрлап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris.p.almaty.official Фото: instagram.com/kris.p.almaty.official

Алматылық Toyota Camry көлігімен такси қызметін ұсынған. Ол кезекті бір тапсырыс кезінде клиент тарапынан пышақ шабуылына ұшыраған. Сонымен қатар, көлігінен де айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Toyota Camry көлігімен такси қызметін ұсынған. Ол кезекті бір тапсырыс кезінде клиент тарапынан пышақ шабуылына ұшыраған. Сонымен қатар, көлігінен де айырылып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға биыл 12 наурызға қараған түні Түрксіб ауданында болған. Жүргізушінің таныстары әлеуметтік желілерде осы оқиға туралы айтып берген.

"Тапсырыс түскен: клиенттерді әуежайға апару керек болған. Жүргізуші шақырған орынға келген, чемодандар мен сөмкелері бар адамдарды көлікке отырғызған. Барлығы тыныш болған, көлік ШААЖ бойынша жүрген. Содан кейін жүргізуші Бұқтырма көшесіне бұрылған.

Экобекет маңында клиенттер Нұршашқан шағынауданы арқылы жүруін сұраған. Олар жолда көлікті тоқтатуын өтініп, сол кезде клиенттердің бірі жүргізушіге 6-7 рет пышақ сұғып алған. Ары қарай жоспар бойынша жүргізушіні сол жерде қалдырып, көлікті айдап әкеткен", - делінген басылымда.

Жүргізуші ауруханада жатыр, оның жағдайы қалыпты екені белгілі болды. Көлік пен қылмыскерлер әлі табылмаған. Бұл бірінші жағдай болмауы мүмкін екені айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Қалалық полиция департаменті өкілі бұл дерек Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі бойынша "Аса ірі мөлшерде қару қолданып жасаған қарақшылық" тіркелгенін мәлімдеді. Қылмыскерлердің мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Түрксіб аудандық полиция бөлімі осы қылмыстық істі тергеп жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалдық полиция қызметкерлері кірді. Олар күдіктілерді ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты тексеріс жүргізеді. Алматы ПД басшылығы тергеу барысын бақылауға алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Алматыдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде жүргізуші әйел 18 жастағы қызметкерге шабуыл жасағаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети