Алматыда танымал маркалы алкоголь өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Almaty.TV тілшісі.
Алматыда танымал маркалы алкоголь өнімдерін қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Almaty.TV тілшісі.
Телеарнаның мәліметінше, кәсіпкер астыртын жолмен өз үйінде брендті сусындардың атын жамылып, жалған өнім дайындаған. Мамандар тінту барысында ол жерден 2 мың дана жалған есепке алу-бақылау маркасы мен бос бөтелкелерді және дайын өнімдерді тәркілеген.
"Жедел-іздестіру операциясы кезінде жалған ішімдік дайындайтын жер анықталды. Ұсталған ер адам үйінде жасырын жолмен алкоголь өнімдерін дайындаған. Ол есепке алу-бақылау маркілерін принтерден шығарып отырған. Оқиға орнын тексеру барысында дайын өнімдер, жәшік-жәшік бос бөтелкелер мен бірнеше марка табылды. Күдікті жасаған ісін толықтай мойындады", - деді Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жандар Ибрагимов.
Телеарна тілшісінің айтуынша, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-тармағы негізінде іс қозғалды.
Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында олардың нақты қанша жалған өнім жасағаны есептеліп жатыр. Бұл аз болса, тексеру барысында үйден есірткі заттар да табылып, тергеушілер қосымша қылмыстық іс қозғалатыны айтылады.