Алматыда қолдан жасалған сақтандыру полистері сатылды

24 Маусым 2015, 10:24
0
Алматыда қолдан жасалған сақтандыру полистері сатылды - © vesti.ru
© vesti.ru

Алматыда қолдан жасалған сақтандыру полистері сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы полицейлері әккі қылмыскерді ұстады. Ол жүргізушілерге қолдан жасалған сақтандыру полистерін сатумен айналысқан. Алатау аудандық ІІБ мамандарының хабарлауынша, тергеу бөлімі 23 жастағы күдіктінің үстінен 66 қылмыстық іс қозғады.

"Тергеу ұсталған азаматтың заңға қайшы әрекеттерге бару барысында өзін сақтандыру компаниясының агентімін деп таныстырғанын анықтады. Ол тергеу кезінде бланктерді бір азаматтан алғанын айтты, бірақ олар сақтандыру компаниясының есебінен өтпеген. Қазір қолдан жасалған сақтандыру полистерінің ондаған адамға сатылғаны белгілі болды", - деді Алатау аудандық ІІБ басшысы полиция полковнигі Бақыт Қасабеков.

Айта кетейік, осы қылмысқа байланысты сақтандыру компаниясының басшылығы мен жүргізушілерден арыз түсті. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 1,2-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды, тергеу жүріп жатыр.

 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай