Алматыда үйлердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы автокөлікті тонаған ұрыны түсіріп алды, ол Lexus жол талғамайтын көлігінен пластикалық жабдықтарды шешіп жатқан, - деп хабарлайды Patrul.kz.
Алматыда үйлердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы автокөлікті тонаған ұрыны түсіріп алды, ол Lexus жол талғамайтын көлігінен пластикалық жабдықтарды шешіп жатқан, - деп хабарлайды Patrul.kz.
Басылым оқырманының айтуынша, оқиға Гагарин көшесінде орналасқан 167-ші үйдің ауласында болған.
Ұрының әрекеті ұқыпты болғаны соншалық, автомобильдің дабыл жүйесі іске қосылмаған.
"Қолғаппен жұмыс істеген. Оның мұндай қылмысқа бірінші рет барып отырмағаны көрініп тұр. Оның қалай істейтінін біледі. Бұл - әккі ұры. Ол сонымен күн көреді. Қаладағы көлік жабдықтарын сататын базарларда істеуі мүмкін", - дейді басылымның оқырманы.
Шетелдік автокөліктің иесі Алматы қаласының Бостандық аудандық ІІБ-не арыз бергені белгілі болды.