07 сәуір 2015 | 11:16

Алматыда көлік тұрағы қызметкерін атқан ер адам бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда көлік тұрағы қызметкерін атқан ер адам бостандыққа шықты, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі. Еске салайық, атыс 14 наурыз күні Абылай хан даңғылындағы Zara дүкенінің маңында болды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда көлік тұрағы қызметкерін атқан ер адам бостандыққа шықты, - деп хабарлайды "Жетінші арна" тілшісі. Еске салайық, атыс 14 наурыз күні Абылай хан даңғылындағы Zara дүкенінің маңында болды.

Телеарна мәліметінше, ер адам изоляторда үш күн болған, бірақ соттың оны қамау туралы санкциялары келмеген. Хуторной осымен екінші рет босатылып отыр. Осыған дейін ол автомобильді кепілге қойып, шыққан болатын. "Сіздер маған енді керек емессіздер. Көп рақмет, керек емес. Мен білмеймін. Мен сіздерге ештеңе айта алмаймын. Мен құпия ұстау туралы қағазға қол қойдым. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Иә, қазіргі уақытта бостандықтамын", - деді тілшілерге Иван Хуторной.  

Осыған дейін ол қақтығысқа қатысқандардың барлығымен татуласқанын мәлімдеген болатын және таяу уақытта тараптар тәртіп сақшыларынан өз арыздарын қайтарып алмақшы екенін айтты. Бірақ, ер адамның айтуынша, процесске тергеушінің тарапынан келіп жатқан үркітулер кедергі келтіріп жатыр. Оның айтуынша, тергеуші одан ақша талап етіп отыр. Осыған байланысты, құқыққорғаушыларға жала жабу бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, Алматыда көлік тұрағына ақша төлегісі келмеген Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісінің атыс ұйымдастырғаны хабарланған болатын. Атыс 14 наурыз күні Абылай хан даңғылындағы Zara дүкенінің маңында болды. Кейін оқ жаудырған ер адам Иван Хуторной Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында оқиғаға қатысты өзінің нұсқасын айтып берген еді. Хуторнойдың айтуынша, ол сол күні Арбатта өзінің таныс құрбысымен жүрген. Кейін олар Абылай хан даңғылына қойылған көлігіне жақындайды. Сол кезде бір ер адам келіп, бұлардан тұрақтың ақысын сұрайды. Иван одан аумақтың жекеменшік екенін және төлемнің заңды екенін айғақтайтын құжатты көрсетуді талап етеді. Оның айтуынша, көлік тұрағы қызметкері тиісті құжатты ұсына алмады, сол кезде Иван талапқа мән бермей кетуге айналады.

Хуторнойдың айтуынша, осы сәтті көлік тұрағының қызметкері оның күртесінің жағасынан алып, бірнеше рет ұрады. Нәтижесінде атыс болып, кейін Алматы полициясы жүргізушінің үстінен атыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Айыпталушыға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратыны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети