Өткен жылдың 26 желтоқсанында Алматыда екі жігіт қызық көргендіктен колледжден қарудың муляжын ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылдың 26 желтоқсанында Алматыда екі жігіт қызық көргендіктен колледжден қарудың муляжын ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Олар оқу сыныбының терезесінің торын аралап, алып тастағаннан кейін ішке енген. Бұдан кейін жігіттер "АКС-74" оқу автоматының 4 данасын (муляждар) және 2 "ИЖ-60" пневматикалық винтовкасын ұрлап, осылайша 220 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Құқық қорғау органдарына оқу құралдарының жоғалғаны жайлы колледждің директоры хабарлады.Осы дерекпен тергеу бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы құрылып, оның өкілдері күдіктілердің аты-жөнін анықтады. күдіктілер ұсталып, оларға сот ешқайда кетпеу туралы қолхат пен тиісті шараларды санкциялады", - деді Алматы қаласы Бостандық аудандық ІІБ полиция бөлімі басшысының орынбасары Құмарбек Кеншібаев.
Күдіктілерден жауа алу кезінде олар өз кінәсін бірден мойындап, муляждарды біреуді қорқытып, үркітуге қолдану туралы ойы болмағанын айтты. Олардың айтуынша, автоматтардың муляжын жастар қызық көргеннен алып кеткен.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұрланған заттар тәркіленіп, қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Ұрлағандардың бірі 20 жаста, ол жұмыссыз, екіншісі 19 жаста, ол жоғары оқу орнының бірінші курсында оқиды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай таяуда Теміртау қаласында болған еді. 22 қаңтарда белгісіз біреулер өндірістік-технологиялық колледжінде оқ-дәрі салынған сейфті ұрлап кеткен болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, темір сейфте пневматикалық үш винтовка болған. "Ұрылардың есікті сындырмай, кілтпен ашқаны күмән келтіреді. Мұнда ішкі істер басқармасының криминалистері болды, олар қарап шыққаннан кейін қылмыскерлердің кілті болғанын айтты. Біздің жұмысшылардың сейфтегі винтовкалардың ұрлануына қатысы жоқ деген үміттеміз", - деді колледж өкілдері.