Алматыда қонақүйде өз баласын өлтірген ұлыбританиялық мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қонақүйде өз баласын өлтірген ұлыбританиялық мәлімдеме жасады ©The Sun

Алматыда қонақүйде қызын өлтірді деген күдікті Мохаммед Баракат сотта айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қонақүйде қызын өлтірді деген күдікті Мохаммед Баракат сотта айыптаулармен келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық процесс онлайн форматта өтіп жатыр. Сотталушы Мохаммед Баракат сотқа аудармашысымен бірге тергеу изоляторынан ZOOM бағдарламасы арқылы қатысып жатыр. Сондай-ақ отырысқа сотталушы мен жәбірленуші тараптың адвокаттары қатысты.

Кезекті отырыстардың бірінде айыпталушы аудармашының көмегімен соттағыларға үндеу жасады.

"Құрметті сот, мен берген айыптау құжатымен толық келіспеймін. Прокурордың тергеу барысында дәлелдемелер таппаған осы айыптаулардың мазмұнын, атап айтқанда, қандай негіздерде және қандай себептермен тағылғанын түсіндіргенін қалаймын", - деді ол соттағыларға.

Сондай-ақ, айыпталушы тіл білмеуіне байланысты кей құжаттың мазмұнын түсінбейтінін айтты.

"Мен басқа елдемін, менде қажет құжаттар жоқ. Не болып жатқанын түсінбеймін. Мен Ұлыбритания азаматымын және орыс тілін білмеймін. Ағылшын тілінде түсіндіре алатын адамдар да жоқ. Проблемалар көп, кей құжатты аудармасыз алдым. Сотқа дейінгі тергеу барысында мен заңды құқықтарымды білмейтінімді және оның түсіндірілмегенін бірнеше рет айтқан болатынмын", - деді ол.

Айта кетейік, кезекті сот отырысы келесі аптада өтеді.

Еске салайық, оқиға былтыр 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған еді. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Кейін оның күйеуінің баланы қылғындырып өлтіргені анықталды. 

Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети