22 маусым 2017 | 12:26

Алматыда кондукторды соққыға жыққан ер адам жазадан құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда кондукторға шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда кондукторға шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотына сілтеме жасап.

Наурызбай аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталған ("Бұзақылық") ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"2017 жылдың 25 мамырында шамамен сағат 08:00-де ер адам № 67 бағытындағы автобусымен Алматы қаласы Наурызбай ауданы Райымбек даңғылы бойындағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының жанындағы аялдамаға келіп тоқтаған. Осы жерде ер адам қоғамдық көліктерді бақылайтын "Оңай" бақылаушысына қатысты бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен балағат сөздерді айтып, ер адамды қоғамдық автокөліктен сыртқа шығарып бет тұсынан бірнеше рет соққы жасаған", - деді соттағылар.

Сот отырысында жәбірленуші сотталушымен татуласқанын, келтірілген шығынды қалпына келтіргендіктен оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі медиатив тәртіпте қысқартуды сұрады.

Сот үкімімен ер адамға қатысты қылмыстық іс жәбірленушінің сотталушымен татуласқанына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде ("Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату") қысқартылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети