Алматыда көші-қон қызметі бөлімінің басшысына 4,7 миллион теңге айыппұл салынды

23 Қараша 2018, 17:16
0
Алматыда көші-қон қызметі бөлімінің басшысына 4,7 миллион теңге айыппұл салынды - © Хабар 24
© Хабар 24

Алматыда көші-қон қызметі бөлімінің басшысына 4,7 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ұлттық бюро Алматы және Алматы облысында полиция департаментінің көші-қон басқармасындағы лауазымды қызметкерлерге қатысты тергеу барысында көші-қон қызметкерлерінің көмегімен жақын орналасқан мемлекеттерден келген еңбек босқындарын тіркеуге заңсыз қойған төрт азаматтың әрекетін әшкереледі", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Оның айтуынша, жұмыс істеуге келген босқындарды тіркеуге алу үшін құжаттарды заңсыз қабылдап, қолдан жасау үшін ашылған кеңсе табылған. 

"800-ден аса шетелдік азаматтың төлқұжаттары, қолдан жасалған медициналық "086 формасы", дактилоскопиядан өткені туралы анықтамалар және Алматы ІІД криминалистерінің мөрі басылған суреттер тәркіленді. Сонымен қатар, жалған еңбек келісімдері мен басқа да құжаттар табылды", - деді Бастарова. 

Көші-қон құжаттарын заңсыз рәсімдеуді ұйымдастырушы мен оның сыбайласына шетелдік азаматтарды тіркеу және еңбек келісімін берудің 673 дерегі бойынша күдік келіп отыр. 

"Алматы қаласы Әуезов ауданы сотының үкімімен Бостандық аудандық ІІБ көші-қон қызметі бөлімінің басшысы А.А.Мұсановқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") бойынша 4,7 миллион теңге айыппұл салынып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқаруына тыйым салынды. Сонымен қатар, ол "полиция майоры" шенінен айырылды. У. Шамсиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 368-бабы 1-бөлігі бойынша 790 мың теңге айыппұл салынды", - деді ол. 

Осы істің басқа да фигуранттарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасып жатыр. Басқа да мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай