Алматыда ОҚО тұрғыны Динара Полатованы буындырып өлтіріп, денесін мүшелеп тастағандарға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотталушылар: 31 жастағы Ксения Борзенкова, 34 жастағы Гүзал Ялилова және оның күйеуі 34 жастағы Игорь Душанц.
Алматыда ОҚО тұрғыны Динара Полатованы буындырып өлтіріп, денесін мүшелеп тастағандарға жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сотталушылар: 31 жастағы Ксения Борзенкова, 34 жастағы Гүзал Ялилова және оның күйеуі 34 жастағы Игорь Душанц.
Биыл 7 мамырда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағымен (адам өлтіру) айыпталған Ксения Борзенкова, Гүзал Ялиловаға, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабымен (қылмысты жасырып қалу) айыпталған Игорь Душанцқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 2015 жылдың 26 сәуірінде Борзенкова өз пәтерінде таныстары Ялилова және Полатовамен спирттік ішімдік ішіп отырған. Сол уақытта Борзенкова мен Полатова сөзге келіспей қалады. Борзенкова Полатоваға дене жарақатын салу туралы қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатымен темір сым алып, ілмек жасап күшпен сол ілмекке Полатованың басын кіргізеді, сол уақытта Ялилова Боренкованың қылмыстық ойын қолдап, буындыруға көмектеседі. Полатованы босатып, Ялилова мен Борзенкова кешірім сұрауын талап етеді, жәбірленуші оған келіспейді. Соның салдарынан сотталушыларда Полатованы өлтіру ойы туады. Борзенкова адамдар тобы, яғни Ялиловамен алдын ала сөз байланысып, Полатованың артынан шығып, қолымен мойын тұсынан қылғындырған. Борзенкова ойын соныңа жеткізгеніне көз жеткізу мақсатымен жерде жатқан жәбірленушіні екі қолымен мойын тұсынан, аяғымен кеуде тұсынан қылғындырған, соның салдарынан Полатованы өлтірген. Қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатымен ас пышағымен Полатованың денесін бөшектеп полиэтилен дорбаға салған.
Сот өкілдерінің мәліметінше, осыдан кейін 27 сәуірде Борзенкова мен Ялилова жасаған қылмысын жасыру үшін, Ялиловамен тұратын Душанцты шақырады. Душанц келгеннен кейін Борзенкова мен Ялилова жасаған қылмыстарын айтып, полицияға айтпауын және істеген қылмыстық әрекеттерін жасыруға көмек сұрайды. Содан кейін олар Газель маркалы автокөлігін жалдап, жүргізушіде күдік тудырмау үшін Полатованың бөлшектелген денесін киім арасына салып, оны Борзенкованың саяжайына жеткізеді.
Ксения Борзенкова және Гүзал Елилова.
Саяжайда Ялилова мен Душанц пышақ қолданып терімен етті сүйектен ажыратыды, Борзенкова сүйектерді балтамен шабады. Ұсақталған сүйектерді ен далаға, іш құрылысын шұнқырға көміп тастаған. Ал басын, жамбас бөлігін, терісін және сүйектен ажыратылған етті дорбаға салып, шетке шығарып көмген.
© Шоқан Алхабаев
"Сот отырысы барысында Ялилова және Душанц тағылған айыпты толық, Борзенкова жартылай мойындаған. Сот үкімімен Ялилова мен Борзенкова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді, Душанц Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді", - делінген соттың хабарламасында.