Алматыда қылмыстық топ жасырын казино ұйымдастырған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қылмыстық топ жасырын казино ұйымдастырған Фото:polisia.kz

Алматыда қылмыстық топ жасырын казино ұйымдастырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қылмыстық топ жасырын казино ұйымдастырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қарашаға қараған түні ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Алматы қаласындағы ғимараттардың бірінде Сәтбаев көшесінің бойында жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді.

"Тыйым салынған ойын мекемесі қаланың Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан. Ол жерге тек құпия сөз арқылы кіргізген. Арнайы іс-шара кезінде казинода 20-дан аса келушілер болған, олардың арасында 30 жылдық тәжірибесі бар ойыншылар да бар.

Іс-шара нәтижесінде 20-дан аса ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар құжаттама тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қылмыстық әрекеттен түскен кірістің шамамен сомасы күніне 5 миллион теңгеден асып отырған. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігімен ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта казино иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети