Алматыда қыз алып қашу оқиғасына қатысты тергеу басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қыз алып қашу оқиғасына қатысты тергеу басталды

Алматы қаласы Полиция департаменті қызды ұрлау дерегі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Полиция департаменті қызды ұрлау дерегі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бүгін біздің бөлімшеге А. есімді азаматша келіп, арыз жазды. Дерек тіркелді және тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қызға алғашқы іс жүргізуде "көлікке өз еркімен отырғанын, ауылдастарына ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, ішкі істер органдарын неліктен адастырғаны" туралы сұрақ қойылды. Ол достарына сенгендігін айтты. Оқиғаға қатысушылар анықталды, олардың әрқайсының әрекетіне түбегейлі баға беріледі", - деді Алмалы ауданы ПБ бастығы Есен Ысқақов.

Жәбірленушінің айтуынша, қыз оларға сеніп, көлікке отырған.  

"Олар мені үйге апарып тастауы керек еді, бірақ басқа бағытқа бұрылды. Осыдан кейін оның ата-анасынан мені үйге қайтарсын деген қоңыраулар түсе бастады. Мені тұратын мекенжайым бойынша үйіме әкелді. Жалпы, мен арыз жазғым келмеді, мен тек олардан: "Мені жайыма қалдырыңдар, мен сендерге тиіспеймін" дедім" - деді қыз.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда қыз алып қашу сәтінің видеосы тараған болатын. Авторлары - жағдайға немқұрайды қарамаған алматылықтар белгісіз ер адамдар қызды көлікке күшпен отырғызғанын айтады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети