29 қазан 2014 | 21:22

Алматыда қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші кепілмен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nnm.me ©nnm.me

Алматыда қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған Mercedes автокөлігінің жүргізушісін Алатау аудандық соты кепілмен босатып жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.  


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қызды қағып өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған Mercedes автокөлігінің жүргізушісін Алатау аудандық соты кепілмен босатып жіберді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.  

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Алматыда арты адам өлімімен аяқталған жол апаты 25 қазан күні түнде Алатау ауданында болған. ІІД қызметкерлерінің айтуынша, Момышұлы көшесінен өтпек болған қыз жол ортасындағы жолақта тұрған кезде оны Mercedes автокөлігінің жүргізушісі қағып кеткен. 

"Соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен жаяу жүргінші қарсы бетте келе жатқан көліктің астына тағы түсіп, алған жарақаттарының салдарынан сол жерде қайтыс болған. Осы кезде қызды қағып кеткен Mercedes көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан", - деп хабарлады ІІД. Сонымен қатар департамент іздеу шарасы барысында қашып кеткен жүргізушінің жеке басын анықтап, оның көлігінің тұрған жерін табу да бірнеше сағатқа созылғанын жеткізді. 26 қазан күні таңертең күдікті ұсталған. 

ІІД-нің мәліметінше, жол апаты кезінде көлікті 21 жастағы Алматы қаласының тұрғыны басқарған, қазір ол өз кінәсін толығымен мойындады. "Қазір көлік процессуалдық тәртіппен айып тұрағына қойылды. Онда жол апатының сипатты белгілері бар. Сол белгілерге байланысты көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 296-297-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген департаменттің хабарламасында. 

Қалалық ІІД тергеу бөлімінің басшысы, полиция майоры Рүстем Әбдірахмановтiң айтуынша, жүргізуші бірден ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамауға алынған. 28 қазан күні бұлтартпау шарасымен тұтқынға алу туралы тергеушінің өтінішін сот алдында қолдау үшін Алатау аудандық прокуратурасына ұсынылған. "Алайда бүгін, 29 қазан күні Алатау аудандық соты айыптыны кепілмен босату туралы шешім қабылдады", - деді Әбдірахманов. Сонымен қатар департамент бүгін Алматыда жол көлік оқиғасын жасап, адам өлтірген жүргізушіге қатысты "Қауіпті жағдайда қалдыру" бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғағанын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети