Алматылық Саида Ыбырайымованың өлімі бойынша адвокат үшінші сотталушы - Әлібек Ерғалиұлын тұтқындауды сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Екі сотталушы - Жан Алагөзов пен Гавгаз Әлиевтер қамауда отыр. Жәбірленуші тарап ешқайда кетпейтіні туралы қолхатпен босатылған үшінші сотталушы процеске келмей қалады деп қауіптенеді.

"Мен отырыста Ерғалиұлын тұтқынға алуды сұрап, өтініш білдірдім. Іс материалдарына қарағанда, сотталушылар есірткіге тәуелді. Ерғалиұлы ешқандай қызметпен айналыспайды, ол кінәсін мойындамай отыр. Ол кез келген уақытта сотқа келмей қалуы мүмкін. Алдын ала тыңдауға ол бір сағат кешігіп келді", - дейді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.
Бұған қоса, қорғаушының сөзіне қарағанда, өткен отырыста сотталушының анасы Ерғалиұлының біраз уақыт бойы Алагөзовтың үйінде, тағы біршама уақыт таныстарының үйінде тұрғанын айтқан. Нұрмағамбетов бұдан жауапсыздықтың белгісін көріп отыр. Дегенмен судья мен прокурор адвокаттың өтінішін қабылдамаған.
Еске сала кетейік, сотталушылар 4 наурыз күні Саида Ыбырайымованы асқан қатігездікпен өлтіріп кеткен еді. Алдымен оны бұрынғы таныстарының бірі үйіне шақырады, кейін ер адам достарымен бірге қызды зорлап, телефон сымымен қылғындырып өлтіреді. 24 жастағы қыз әсемдік салонында жұмыс істеген. Ол күйеуге шығуға қамданып жүрген. Оның мәйіті бірнеше күннен соң табылды. Күдіктілер сотта қылмысты жасыру үшін марқұмның мәйітіне бірнеше литр жанармай құйып өртегенін мойындады. Бұл оқиғаға қатысты келесі сот отырысы 26 маусым күні өтеді.