Алматыда маркетинг компаниясының атын жамылған EdenLife қаржы пирамидасы әшкере болды - АФМ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда маркетинг компаниясының атын жамылған EdenLife қаржы пирамидасы әшкере болды - АФМ Видеодан алынған кадр

Алматыда маркетинг компаниясының атын жамылған  EDEN LIFE қаржы пирамидасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда маркетинг компаниясының атын жамылған  EDEN LIFE қаржы пирамидасы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушылар азаматтарға салымшылардың ақшасын тарту арқылы тиімді сыйақы алуға "кепілдік беріп", инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынған.

"Алдын ала сөз байласу арқылы қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондықтан агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинағын күмәнді саналатын қаржы ұйымдарына салмауға шақырады", - делінген хабарламада.

EdenLife қызметінен зардап шеккен азаматтар Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгіне алады. Мекенжайы: Жібек жолы даңғылы, 127. Байланыс телефоны: 8-747-592-43-24, 8-701-858-67-67, 8-747-582-00-82.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети