Алматыда мас жартылай жалаңаш ер адам полицейлер оны тұтқындамақ болған полицейді ұрып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының Әуезов аудандық сотына сілтеме жасап.
Алматыда мас жартылай жалаңаш ер адам полицейлер оны тұтқындамақ болған полицейді ұрып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының Әуезов аудандық сотына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарының мәлімтінше, бұл оқиға 2017 жылдың 20 тамызында шамамен түнгі сағат 01.30-да болған. Полициядағылар №6 ықшамаудандардың бірінің ауласында тәртіп бұзушылық дерегін анықтап, оқиға орнына барған. Сол сәтте ер адам өзінің аты-жөнін айтпай, полиция бөлімшесіне барудан бас тартқан. Нәтижесінде полицей оның қолына кісен салған. Осы кезде алматылық жігіт желкесімен кіші сержанттың бетінен ұрып жіберген.
Сот барысында ер адам кінәсін толықтай мойындамады. Ол өзінің жеке проблемаларына байланысты үйінің ауласында 4 бөтелке сыра ішкенін айтты. Қызметтік көлікпен келген полиция қызметкері қолына кісен салған кезде оның сол аяғы ауырып кеткен. Сондықтан ол кішкене еңкейіп, артқа қарайын дегенде кездейсоқ басымен ұрып жіберген.
Алайда ер адам кейінірек берген түсінігін өзгертті. Айтуынша, ол 190 сантиметр бойымен бойы 174 сантиметр адамды ешқалай ұра алмайды.
Сот алматылықтың кінәсін іс материалдары мен куәгерлердің түсініктемелері дәлелдейді деген шешімге келді. Осылайша, ер адам соттың шешімімен 11 ай 28 күнге бас бостандығынан айырылды. Ер адамға пробациялық бақылау енгізілді, сондай-ақ, ол 100 сағатқа еріксіз еңбекке тартылатын болады.