15 шілде 2020 | 19:18

Алматыда маскасыз жүргендерге 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Алматыда маскасыз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда маскасыз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рейдтер 5 шілдеде тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде басталған. Осы уақыттан бастап департамент мамандары маска режимін бұзғаны үшін 165 адамды әкімшілік жауапқа тартқан. Әрқайсына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылған. Бұл бапта 30 АЕК - 83 340 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Қалалық автобустарда да рейдтер жүргізілген.

"Шілденің 5-і мен 14-і аралығында мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарындағы қоғамдық көлікті тексерді, қоғамдық көліктерде маска режимін бұзғаны үшін 4 жолаушы 425-баптың 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды, № 102, 115, 48 маршруттарында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети